Павлодар облысында бала құқықтары жөніндегі өңірлік жаңа уәкіл тағайындалды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл арасында жасалған меморандумның қолданылуы аяқталды, деді.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Наталья Покидова атқарған қызметінен босатылған. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл арасында жасалған меморандумның қолданылуы аяқталған екен. Енді Павлодар облысында бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова болады.
СӘУЛЕ ШӘКЕНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛ
Мен үшін бұл мүмкіндік. Осы тәжірибем мен білімімді, қоғамдық жұмыста істеген еңбек өтілімді қолданып балаларға көмектскім келеді. Менің ойымша негізгі мәселе құқықтық сауатсыздықта. Бұл ата-аналардың, балалардың, қоғамның құқықтық сауаттылығы төмен, сондықтан түрлі жағдайлар орны алып отырады. Осыны реттеген кезде ғана, бәрі түзеледі.
Айта кетейік, Сәуле Сәбитқызы Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар қ. №26 ЖОББ мектепте мұғалім болып бастады. 1994-2012 жылдар аралығында құқық қорғау органдарында жұмыс істеді. Полиция подполковнигі шені бар. 2022 жылы «Отбасы және балалар. Павлодар» қоғамдық бірлестігін құрған.
Самал Қалиқызы, Әділхан Мүтәліпов, ЕА