8 -14 шілде аралығында республика бойынша «Орман» жедел-профилактиалық іс-шарасы өтуде. Акция барысында орман қоры аумағында демалушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі. Табиғат аясына шыққан тұрғындардың нені ескеруі тиіс? Бұл туралы тілшіміз баяндайды.

Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті полиция және орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер жүргізуде. Басты мақсат – орман аумағында оқыс жағдайлардың алдын алу.

ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Қайғылы жағдай, өртке әкелмеу үшін осындай түсіндірме жұмыстары жүргізілуде облыс аумағымызда. Тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз! Су айдындарында балаларды қараусыз қалдыруға, шомылуға болмайтын жерде шомылмауға және қандай да бір төтенше жағдайда 101 немесе 112 номеріне хабарласыңыз!

Орманда өртттің шығуына негізінен адамдардың салғырттығы себеп болатын көрінеді. Сондықтан, табиғат аясында демалуға келген тұрғындарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау керектігі және белгіленбеген жерге қоқыс тастауға болмайтыны ескертілді.

ТІЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ашық отты қолдануға болмайды. Ормандағы өрт қауіпсіздігіне айыппұл көзделген. Сондықтан байқаңыздар. Жақсы ма?

Тек арнайы бөлінген орындарда от жағуға болады, ал суға жағажайда ғана түсуге рұқсат етілген. Бұл ережелерді бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі бойынша айыппұл көзделген. Бірінші рет тек ескерту ғана жасалады.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА