Қаладағы көп қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Төтеншеліктер 3 адамды құтқарып, өрт сөндіру мен тұрғындарды эвакуациялау әдістерін пысықтады. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.
Оқу-жаттығу шарты бойынша Ломов көшесі 36 мекенжайында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан өрт шықты. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылардың 7 және 8 қабаттағы тұрғындарды эвакуациялап, өртті сөндіруі қажет болды. Шараға барлығы 9 бірлік техника мен жеке құрамнан 28 адам жұмылдырылды.
ОРАЗБЕК УӘЛИХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Адамдардың өрт кезінде эвакуациялануы, іс-әрекеті және біздің қызметкерлердің жұмыстары пысықталады. Мысалы, өрт болған жағдайда көп қабатты үйде, адамдарды қай жерден, қалай шығаруға және құтқаруға, түсіндіруге, содан басқа тұрғындарға жадынама тараттық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша.
Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері – адамдардың өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамауы», - дейді мамандар. Сондықтан, отты абайсыз пайдаланудан аулақ болып, от жағуға арналған құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
ШЫҢҒЫС АДАЛБОЛОВ, №3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Әрине, лифт қолдануға болмайды. Түтін болған жағдайда ол сөніп қалады, жүрмейді. Егер де дәліздің ішінде қалың түтін болса, есікті жауып, есіктің қуыстарын су тряпкамен жауып, балконнан шығып, 101 телефонына хабар беру керек. Өрттің пайда болуына негізінен адамдар себеп болады. Қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамау себеп.
Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жыл басынан бері еліміз бойынша 100-ден аса бала терезеден құлаған. Сол себепті оқу-жаттығумен бірге, мамандар тұрғындарға түсіндірме жұмысын өткізді. Онда өрттің алдын алу жолдары мен балалардың терезеден құлауы жағдайынан сақтану бойынша жадынама-парақшалар таратылды.
ОРАЛ БИРЖАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Халыққа, екі үйдің тұрғындарына түсініктеме өткізді. Өрт қауіпсіздігі шараларында қандай шаралар қолдану керек? Қай нөмірлерге хабарласу керек? 101, 112-ге хабарласу керек. осындай жаттығулардың болып тұрғаны жақсы. Халыққа түсіндіріп және кішкентай сәбилерге түсіндіргені тоже жақсы болады.
Мұндай оқу-жаттығу жұмыстары шаһарда жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Бұл құтқарушылардың тілсіз жаумен күрес бойынша дағдыларын пысықтап, жылдам әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Жұлдыз Қабылденова, Алексей Мехедов, ЕА.