Бүгін ең дәмді мерекелердің бірі — Дүниежүзілік қуырылған ет күні. Бұл мерекені тойлау дәстүрі шығыстан келген. Алайда, ет – қазақ халқының ең басты, қадірлі тамағы екенің ұмытпаған абзал.
Ет дегенде бет бар ма?! Ет етке, сорпа бетке деп те айтып жатады. Бүгін әлем еттің күнің де атап өтеді. Статистикаға сүйенсек елімізде халық былтыр орташа есеппен 18,33 келі ет тұтынған екен.
Халқымыз көбінесе жылқы етін құтынады екен. Себебі, оның адам ағзасына пайдасы мол. Қара мал, тауық, балыққа да басымдық берілген. Айта кетейік, биыл "Фермадан" "үстелге" дейінгі қағидат бойынша мал шаруашылығы өнімдерін толық қадағалау жобасы қарастырылады. Яғни, жануардың толық өмірлік циклі туралы ақпараты бар QR-код жасалмақ. Бұл жануарларды ветеринариялық тексерусіз және ұшалар мен мүшелерді тексерусіз союдың алдын алуға мүмкіндік бермек.
Байтұрсын Жұмабай, Алексей Мехедов ЕА.