Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда жастарды кітап оқуға баулу керектігін айтқан болады. Бұл мәселе өңірімізде қалай атқарылып келеді? Толығырақ алдағы материалда.
Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізі. Онда құнды мұрамыз, тарихи деректер мен материалдар сақталған. Атырауда өткен ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы жастар арасында кітап оқу мәдениетін барынша дамыту мәселесін көтерген болатын. Мұны негізгі ала отырып өңіріміздегі Мүбарак Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында бүлдіршіндерді жастайынан кітапқа баулып, қызығушылығын арттыруға толық мүмкіндік бар.
АЙНАГҮЛ МАҒЗУМОВА, М. ЖАМАНБАЛИНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Балалар әдебиетін насихаттау және өскелен ұрпақ арасында оқуды насихаттау орталығы болып табылады. Осы кітапханаға 2019 жылы балалар ақыны, жерлесіміз Мүбарак Жаманбалиновтің есімі берілді. Жыл сайын кітапханада қазан айында Павлодар қаласы мектептерінің оқушылар арасында Жаманбалинов оқулары өткізіледі. Кітапхана қоры 42мың, қазақ тілінде 13мың кітап қоры бар.
Қызметкерлердің айтуынша кітапханаға келушілер саны күннен күнге артуда. Былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан. Соның ішінде мектеп жасындағы оқырмандар саны көбейе түскен. Бұл атқарылған жұмыстың жемісі.
ЛЮБОВЬ МИКУШИНА, М. ЖАМАНБАЛИНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
Бізге жазғы уақытта мектептермен, балалар үйлерінің тәрбиеленушілер кездесеміз. Осы арқылы демалыс кезінде балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятуға тырысамыз. Қазір біз балаларға арналған түрлі шаралар ұйымдастырудамыз.
Айта кетейік, кітапхана қызметкерлері игі бастамалардың көш басында. Балаларға ертегі оқып, оның желісінде ойын ойнады.
ЛЮБОВЬ МИКУШИНА, М. ЖАМАНБАЛИНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
Бүгін біз «Көңілді әткеншек» бағдарламасын ұсындық. Бұл шарада барлық тақырып қамтылған десек те болады. Танымды ақпараттар, ертегілер бастысы осы жаз айларындағы кітпқа деген қызығушылықтарды арттыру аясында. Сол үшінде осындай шаралардың маңызы зор.
Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың жолы – кітап оқу. Кітапқұмарлық – жақсы қасиет.
САЛТАНАТ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА