Елімізде теңдесі жоқ ежелгі «Қаз қонақ» ескерткіші күн санап тозып барады. Аса қорғаудағы аймақ саналғанмен, мүсіндерді қиратып кететін бұзақылар тыйылмай тұр. Одан бөлек ескірткішті күн жауынға төтеп бере алмай үгітіліп жатыр. Осы мәселе қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды.
«Қаз қонақ» ескерткіші 1928 жылы ашылған. Келесі жылында алғашқы қазба жұмыстары жүргізіле бастады. 60-тан аса түрлі жан жануарлардың қалдығы табылған. 2001 жылы бұл тарихи орын републикалық маңызы бар ескерткіштер қатарына қосылды. Ғасырға жуық тарихы бар ашық аспан астындағы мұражайды туристік орталыққа айналдыру жоспары қойылған.
ВАЛЕНТИНА АЛИЯСОВА – МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ
Бұл ескерткіште жүргізілген зерттеулер бойынша мұнда 60-тан астам мүсіндер табылған. Бірақ, бұл әлі нақты саны емес. Кейінгі кездері жас ғалымдар бұны зерттеуге кірісті. Олар мұндағы мүсіндер одан да көп деген болжамға келген. Сондықтан, бұл ескерткіш әлі де зерттеуді қажет етеді. Біз осындай керемет орынды туристік аймаққа айналдыруымыз керек. Бірақ, оны қиратуға, бүлдіруге жол бермеуміз керек.
Өкінішке қарай соңғы кездері «Қаз қонақ» ескерткішін қиратып, бүлдіретіндер көбейді. Мұнда өте сирек кездесетін жануарладың мүсіні табылған. Оны көздің қарашығындай қорғап, сақтау оңайға соқпай тұр. Сол себепті бұл нысанды жабық орын ретінде жасақтау мәселесі көтерілді.
ОЛЕГ НИКОЛАШИН – ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Біз бұл аумақты сақтау үшін қоршауымыз керек. Екінші кезеңде аумақ жағалауда орналасқандықтан жыл сайын су шайып, топырақ үгітіліп барады. Сондықтан, бұған да көңіл бөлу маңызды. Ал үшінші кезеңде бұл аумақты жабық нысан ретінде қайта жасақтау керек. Сол кезде ескерткішті күн жауын-шашынанна сақтайтын боламыз.
Ескерткіштің аумағы 2 гектар жерді алып жатыр. Кейінгі кезде аумаққа құрылыс нысандары да көптеп салына бастады. Қоғамдық кеңес мүшелері осы мәселені де қолға алмақ. Құрылысты тоқтатып, аса қорғаудағы мүсіндерді сақтап қалуға көңіл бөлмек.
Өзгеріс Қуанар, Юрий Белевский ЕА