Қазірде жастар мен жасөспірімдер арасында вейп шегетіндер санының артқаны жасырын емес. Түрлі түсті қаптамасы мен хош иісіне байланысты ол зиянсыз болып көрінеді. Десе де, құрамындағы заттар ағзаға қауіп әкеліп, қоршаған ортаны ластайды. Жалпы оқушылардың вейпке әуестенуіне не себеп? Ол ағзаға несімен зиянды? Бұл туралы кардиолог маман айтып берді.

Адамдар арасында «вейп темекіден тәуелді жандарға зиянды әдетінен арылуға көмектеседі» деген түсінік қалыптасқан. Бірақ бұл – жалған ой. Кардиолог дәрігердің мәліметінше, вейптің зияны қарапайым темекіден артық болмаса, кем түспейді. Ол тәуелділік тудырып, жүрек, өкпе аурулары мен аллергиялық реакциялардың пайда болуына әкеледі.

«14 жастан асқан жаөспірімдердің 40 пайызы вейп қолданады», - дейді дәрігер. Әсіресе, мектеп оқушылары электронды темекінің хош иісіне әуес болады. Сол себепті заң арқылы электронды темекіні өндіруге, елге әкелуге, сатуға, таратуға тыйым салынды.

ӘСЕЛ ТІЛЕУОВА, ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ КАРДИОЛОГ ДӘРІГЕРІ

Заңның шығуы үлкен жетістік деп ойлаймын. Заң шыққанға дейін ол қолжетімді болатын. Ал қазір сатылмайтын бір жетістік деп ойлаймын.

Қысқасы, бұдан былай денсаулыққа зиян келтіретін вейптер айтарлықтай азаймақ. Бұған заңның қатаң болуы әсер етуі керек. Бұл ретте әр адам алдымен өз денсаулығын ойлағаны да маңызды.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ, ЕА