Ертіс арнасының түсірілім тобы арнайы жоба аясында Алтай республикасына жол тартқан еді. Ата дәстүрлерін сақтап келе жатқан қиырдағы қандастармен кездесе отырып, ұлттық өнерге шолу жасап қайтты. Олардың қатарында атадан қалған ермекті жалғасытырып келе жатқан шебер де бар. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Алтай асып, Қос-ағаш ауылында тұрақтаған Нұрлыбек Құдабайұлына түйін-түйіп түрлі бұйым жасауды әкесі үйреткен. Теріге ою салады, қамшы өреді, ұлттық нақыштағы сандыққа дейін өз қолымен жасайды.

НҰРЛЫБЕК АБЗИЕВ, ШЕБЕР

Мен мына өнерді әкем Әбзейіл Құдабайдан үйрендім. Ол кісі Отан соғысының жауынгері болған. Біз сол бала кезімізде әкемізге болысып, қасында жүріп. Осының барлығын сол әкемізден үйреніп қалдым. Мынау міне тебінгі тоқым дейді. Ортасында шаңырақтың бейнесі бейнеленген. Әйтеуір ұстап жүремін де

Кейіпкеріміздің айтуынша ұлттық өнерді жалғаған әкесінің бұйымдарын көзінің қарашығындай сақтап келеді. Қазір өз балаларына үйретуде. Бүгінде шебер ат әбзелдерін жасауға көшті.

НҰРЛЫБЕК АБЗИЕВ, ШЕБЕР

-Бұл енді бұрынғы ата-бабаларымыз істеген нәрселер. Бұның күмісті қолданғаннан кейін оқып алатын дұғасы бар

Теңіз денгейінен 1900 метр биік орналасса да қазақы қаймағы бұзылмаған ауданның тарихымыз бен әдебиетімізді ұмытпай өздерінің түп тамырынан ажырамағаны қуантады. Шебер қазақтың қара домбырасын да жасап күй күбірлеткенді ұнатады. Алтай Республикасы Қос-Ағаш ауылына келген әр қазақты көргенде қуанатының айтты.

Осы және өзге де қызықты кейіпкерлердің тынысын жуырда «Ертіс» арнасының көгілдір экранына жол тартатын «Мен қазақпын» атты жаңа жобадан көре аласыздар!

Байтұрсын Жұмабай