Ел бойынша күзгі әскерге шақыру маусымы басталды. Науқан 1 қыркүйек пен 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Павлодарда алғашқы лек шекара қызметінде борышын өтеуге аттанады екен. Толығырақ тілші материалында.

Күзгі әскерге шақыру науқанын сапалы, әрі уақтылы орындау мақсатында әр шақырылушы жеке-жеке қарастырып, алған білімін, мамандығын ескереді, отбасы жағдайын сараптайды. Сарбаздар қатарына қосылу үшін алдымен денсаулық жағдайы жіті тексеріледі.

БЕКЗАТ ОРАЗОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Барлық балалар медициналық тексерістен өткізіледі. Оның ішінде қандай есепте тұрғаны, немен ауырғаны, қау уақытқа дейін емделегіні барлығы тексеріліп, психологиялық тексерістен де өтеді 03:08////склейка/////01:49....Бірінші біздің бөлімдерге кететін топтар 7 қыркүйектен басталады. Бірінші шекара қызметін жібереміз, сосын Қарулы күштер, мемлекеттік қызмет күзеті мен ТЖ Министрлігіне балалар аттанады. Ең соңғы Ұлттық Ұланды жібереміз

Бұл орайда, айта кету керек басты мәселенің бірі әскердегі әлімжеттік. Мемлекет басшысы да кезекті Жолдауында сарбаздың қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты екенін баса айтты. Бұл мақсатта өңірімізде заң мен тәртіп қатаң түрде сақталады, жас сарбаздар үнемі бақылауда болады.

БЕКЗАТ ОРАЗОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Әр әскери бөлімде бір-бір офицер бөлінген Ғимараттардың ішінде камералар бар, олар күніне екі рет тексеріледі. Ал балалар арасында оқыс оқиға болдырмас үшін күніне үш рет сарбаздардың денесін қарайды

Сарбаздар аттанар алдында әскерилер мен республикалық сарбаз ата-аналар қоғамдық бірлестігінің өкілдерінен кеңес алды. Оларға қолдау білдіріп, әскердің жай-жапсары түсіндірілді.

ЛИЛИЯ ХАЙРУЛЛИНА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «СОЛДАТСКИЕ МАТЕРИ» АНАЛАР КОМИТЕТІ» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ

Біздің жұмысымыз барлық өңірлерде жүргізіледі. Оның аясында Қорғаныс істері, Ұлттық ұлан сияқты әскери бөлімдерге барып ,тұрақты түрде сарбаздармен кездесу өткіземіз. Енді әскерге баратын балалармен Отан алдындағы борышы туралы тақырыптарда түрлі әңгімелер қозғаймыз. Анонимді анкета толтырады, сонымен қатар психологиялық тренингтерді өткіземіз

Ал түрлі сылтаумен әскерге барудан бой тасалап жүргендерге жаза бар екенін ұмытпаған жөн. Яғни, шақырту қағазын елемей, медкомиссия өтуге келмеген жігіттерге 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Биылғы күзде Павлодар облысынан 650-ге жуық жас Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті деп жоспарланған.

Қымбат Садық