Ақсу ауылдық аймағына қарасты Спутник елдімекенінде тұрғындар бірнеше ай бойы сусыз күн көруге мәжбүр. Мәселе ауылдағы жалғыз су беру нысаны істен шыққан уақытта басталған. Тұрғындар суды тасып ішуге мәжбүр, бірақ соңғы кезде бұл да мүмкін емес дейді. Толығырақ келесі сюжетте.

Облыс орталығына іргелес жатқан мына Спутник ауылында тіршілік нәрі таза ауыз су жоқ. Елдімекенде 300-ге жуық адам тұрады. Соңғы кезде тұрғындарды ауылдың біртіндеп өшіп бара жатқаны алаңдатады. Айтуларынша, суға қатысты мәселе осыдан 30 жыл бұрын басталған, бірақ ауыз су проблемасы соңғы кезде өрши түскен. Яғни үйге келген су бірде өте лас, бірде тіпті қолдануға келмейтін көрінеді.

КОНСТАНТИН РИДНЯК, СПУТНИК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бұл сұрақпен әкімдікке жүгіндік. Жылдар бойы жүгініп келеміз. Уәде береді, бірақ нәтиже жоқ. Тұрғындар техникалық суды пайдаланады. Ауыз су әлі жоқ.

Таза ауыз суды елдімекенде тек оқушылар ғана қолданады, себебі санитарлық эпидемиологиялық қызмет «Теміржолсу-Павлодар» ЖШС суын пайдалануға тыйым салған. Спутник станциясының негізгі су құбырының бөлігі «Теміржолсу-Павлодар» ЖШС сенімгерлік басқаруда. Жергілікті әкімдіктің сөзінше, елдімекеннің су және кәріз жүйелерін Ақсу қаласының коммуналдық қызметіне алу шешімі қабылданды деді. Алайда ЖШС-тің жоғарыдағы желілерді басқару туралы құжаттары жоқ болып шықты.

АЙГҮЛ БЕКБЕРГЕНОВА, ДОСТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Бүгінгі таңда Ақсу қаласы әкімімен нысандарды балансқа алу жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір магистарльдік нысандарға құжаттардың болмауы себебінен біз кейбір желілерді қабылдай алмай отырмыз. Қалалық бюджеттен сорғы станциясын жаңартуға 30 миллион теңге бөлінді.

Жөндеу жұмыстары аяқталады деп билік өкілдері қанша уәде бергенмен, тұрғындар суды шелектеп жинауға мәжбүр. Тіршілік көзін онсызда үнемдеп пайдаланатын тұрғындардың назы дұрыс. Жалпы, ауылда судан басқа жағдайдың көңіл көншітпейтіні көрінді, жолдар жоқ, балалар алаңы ескі, санитарлық көрініс көз қуантпайды. Ал, тұрғындар тек жайлы жағдайда өмір сүргісі келеді.

Самал Қалиқызы