Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум келесі айда өтеді. Осыған байланысты өңірлік штаб құрылып, енді партия өкілдері, депутаттар халық арасында ақпараттық жұмыстарды қолға алады.

Атом Электр Станциясының құрылысына қатысты референдум алдында қазір елімізде өңірлік штабтар құрылып, ақпараттық жұмыстарды бастады. Оның құрамына энергетиктер, ғалымдар, депутаттар, мұғалімдер тб мамандық иелері кіреді.

БАЛТАБЕК ТӨЛЕУБАЕВ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» ЭНЕРГОЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

АЭС Қазақстанға қажет. Қазіргі уақытта электр қуатының тапшылығ бар. Қазақстан болашағы үшін, экономика дамуы үшін қажет нәрсе. Бүгінгі күнде 3-4 станция салуға болады. Бұл станцияны салсақ, болашақ балаларымыз болашағы. Ол 10-15 салынады. Бұл Қазақстанның болашағы үшін деп ойлаймын.

Айта кетейік, АЭС бұл дамыған елдердің баяғы-ақ тәжірибесінен өткен. Әлем әлдеқайда энергия алудың бұл көзінен пайда тауып отыр.

Самал Қалиқызы