5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Осыған орай Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде тілдер күніне арналған “Ана тілім - ардағым” атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Шара қазақ тілінің мерейін үстем етіп, оның рухани маңыздылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Тілдер мерекесі – бұл тілдің мәдениеттегі, қоғамдағы рөлі зор. Ұйымдастырушылардың айтуынша әдеби-музыкалық кеш қазақ тілінің құндылығын айшықтап, болашақ ұрпаққа оны аманат ету екендігін ерекше атап өтті.

ӘДІЛ ӘМІРЕНОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Бүгінгі өтіп жатқан мереке бұл ұлттық мереке болмаса да барлық жерде тойланып жатыр. Біздің Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде де бұл үлкен іс-шара ретінде болып жатыр, әскирелер келіп жатыр Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқып, ән салып жатыр. Яғни Ахмет Байтұрсынұлының аманатын орындап жатқан жастар десек те болады.

Шараға қатысқан ақын-жазушылар, өнерпаздар, тіл жанашырлары, және білім беру саласының мамандары кештің мазмұнын байыта түсті. Сондай-ақ, жазушылар қазақ тілінің болашағы мен оның әдебиеттегі маңызы туралы пікірлерін білдірді. 

Айта кетейік, шараға 5512 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері мен жас сарбаздары қатысып, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқыды. Сарбаздар кештен алған әсерімен бөлісті.

ДӘУЛЕТ ЖҰМАҒАЛИ, №5512 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ

Мен осы арнайы Ахмет Байтұрсыновтың кешіне келгеніме өте қуаныштымын. Өзіміздің шығармаларымызбен бөлісіп жатқаныма өте қуаныштымын. Ахмет атамыз енді баршамыз білетін ұлы ғалым, ағартушы ел қаһарманы ел данасы деп білеміз

Кеш қонақтары мен көрермендер рухани азық алды. Әншілер мен домбырашылардың өнері көрермендердің көңілінен шықты.

Сабина Жолдаспаева