Павлодар облысында автомобиль жолдары мен елдімекендердің көшелерін жөндеу үшін 206 жоба іске асырылуда. Жалпы, жол сапасы қандай? Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Ағымдағы жылы облыста жалпы ұзындығы 616 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін жөндеу бойынша 206 жоба іске асырылуда. Мемлекет басшысының жолдауы аясында билік облысішілік және ауданішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ерекше назар аударады.

ОМАР НАРИМАН, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

206 жобаның ішінде биыл Екібастұз ауылдық аймағы мен Ақтоғай ауданың байланыстыратын ГРЭС 1-Басқамыс-Разумовка автожолы жұмыстары аяқталмақ. Оның ұзындығы 40 км. Бұл жол Астана, Екібастұз қаласына қатынайтын Ертіс және Ақтоғай аудандарының тұрғындары үшін 100 км-ден астам жолды қысқартады

Өңірде 181 маршруттық қатынас бар, оның ішінде 7 халықаралық, 5 облысаралық, 32 облысішілік, 68 ауданішілік және 69 қалалық маршруттармен халықтың 85 пайызы қамтылған.

ОМАР НАРИМАН, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жолаушылар тасымалының тұрақты жұмыс істеуі және тарифтердің қолжетімділігі мақсатында 126 маршрут субсидияланды. – «Азаматтардың жекеленген санаттарын, оның іішнде оқушыларды тегін тасымалдау үшін қала бюжетінен 1,6 млрд теңге көзделген. Облысішіілк және ауданішілік маршруттардында 98 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Айта кетейік 7 жылдан астам уақытта 72 техника тозған.

Былтырдан бері лизинттік кредиттеу бағдарлаамсы аясында қала автобус паркіне 199 автобус сатып алынған. Оның ішінде 150-і Павлодар қаласына, қалған 54 автобус Екібастұз қаласына берілген. Жыл соңына дейін 54 қоғамдық көлік алу жоспарда бар.

ОМАР НАРИМАН, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Энергияны үнемдейтін 25 трамвай сатып алу жоспарланып отыр. Және алдағы уақытта «Достық» шағын ауданында трамвай желісі салынуы мүмкін

Сондай-ақ,әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылады. Оған 5,5 млрд теңге қаражат бөлінген. Қазір мұнда бір рейспен Павлодар-Алматы бағытына қатынауға болады, ал жөндеу аяқталғаннан кейін басқа да рейстер ашылмақ.

ОМАР НАРИМАН, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Президент тапсырмасы шеңберінде қала әуежайының ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылады. Және жыл соңына дейін перрон, периметрлік қоршау, жарықтандыру, бейнебақылау жүйелерін орнатуда жұмыстар жүргізілмекші

Жалпы, өңірде көлік және автомобиль жолдарының инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді.

Қымбат Садық