Елімізде 1 қыркүйектен бастап емханаларға еркін түрде тіркелу науқаны басталды. Бірақ медициналық көмек келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ұсынылады. Павлодар облысында жағдай қалай? Тұрғындардың басым бөлігі қандай медициналық ұйымдарды таңдайды? Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар облысында 31 алғашқы медициналық санитарлық қызмет көрсететін ұйым тұрғындарға қызмет көрсетеді. Олардың жартысы жеке меншік мекемелер. Осы ретте дәстүрлі түрде емханаларға еркін тіркелу басталды. Тұрғындарға тұрғылықты мекенжайға жақын медұйымды таңдау ұсынылады.

АЛМАГҮЛ АХМЕТЖАНОВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ПОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.

Сақтандыру қоры үйге жақын орналасқан емханаға және 15 мин жаяу қашықтықтағы, кішкентай балалары бар отбасылар, науқастар, жиі баратын адамджарға ескеру керек.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап басқа емханаға тіркелген науқас медициналық көмекті тек 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қана ала алады. Яғни 31 желтоқсанға дейін тиісті көмек бұрынғы емханада беріледі. Медицицналық мекемеге тіркелудің екі жолы бар, ол егов мемлекеттік сайты және емханаға тікелей барып өтініш жазу арқылы.

ДӘУЛЕТ ЖЕТПІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.

Қандай жағдайларда емханаға тіркеу бас тартылады? Яғни нақты ақпараттар берілмесе, науқастың тұратын орнына байланысты, яғни тіркелетін емхана аумағынан алыс болса, жалпы тәжірибелік дәрігерге тіркелгендер тым көп болса, яғни 1 учаскіде 1700 адамнан аспау керек, учаскелік педиатрға 6 жасқа дейін 500 баладан, 14 жасқа дейін 900 баладан аспауы керек.

Өткен жылы емханаға еркін тіркелу науқанында 1700 адам медициналық ұйымды таңдады. Тұрғындар көбінесе ірі емханаларға тіркелуге тырысатын көрінеді.

АЛМАГҮЛ АХМЕТЖАНОВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ПОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.

Еңбек мигранттарын, шетелдіктерді тіркеуге былтырдан бастап өзгерістер енгізілді. Жаңа бұйрыққа сәйкес, бұдан былай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Ресей, Белорусь, Қырғызстан, Армениядан келген еңбек мигранттары емханаға тіркелу үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алуы тиіс. Олар еңбек келісімшарты қай уақытқа, сол уақытқа дейін тіркеледі.

Айта кетейік, емханаға еркін тіркеу науқаны 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін жалғасады.

Самал Қалиқызы