Ертіс өзеніне салынып жатқан жаңа көпір құрылысы 2027 жылы аяқталады. Төртжолақты, ұзындығы 691 метр жаңа нысан қызметін аяқтауға жақын апаттық жағдайдағы ескі көпірдің орнын алмастырады.

Жаңа көпірдің жұмыстары биыл басталды. Жобаның құны 38 миллиард теңгеден асады. Бірақ, бұл сома әлі де нақтылануда. Құны екі есеге жуық артуы мүмкін. Қазіргі уақытта жұмысшылар болашақ тіректерге арналған қадаларды орнатуда.

АЛЕКСЕЙ ЛОГВИНЕНКО, «ҚАЗАВТОЖОЛ ҰК» АҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жоспар бойынша негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылға жоспарланған. Қадалар қазірдің өзінде бой көтеріп, көзге көрінетін деңгейге жетті. Жиыны 324 қаданының барлығын биыл орнату жоспарлануда...планируется установить 222. 01.30

Қазіргі қолданыстағы көпір заманауи жүктеме талаптарына сай емес. Бірнеше жылдан бері қауіпті деп саналды. 2017 жылдан бастап ол көпір арқылы жүк тасымалының қозғалысына шектеу қойылды. Ал, жаңа көпір бұл олқылықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді, ал дизайны айтарлықтай өзгеше болады.

АЛЕКСЕЙ ЛОГВИНЕНКО, «ҚАЗАВТОЖОЛ ҰК» АҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Негізгі құрылымы экстрадозалық типке жатады. Ұзындығы 20 метрлік тіреуіштер орнатылады. Бірінші сантақа жататын көпір әр бағытқа екіден төрт жолақты...по две в каждом направлении. 03.28

Осындай көлік-логистикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше күн бұрынғы Қазақстан халқына жолдауында да атап өтті.

Қазіргі уақытта көпір құрылысына 51 бірлік техника мен 184 маман жұмылдырылды. 2027 жылы көлік қозғалысы үшін пйадалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар ескі көпірді демонтаждау жұмыстары да көзделіп отыр. Бірақ, қашан екені әлі белгісіз.

Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров