Павлодар облысы бойынша алғаш рет ұйымдастырылған, «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы мәресіне жетті. Жеңімпаздар облыстық кітапхана алаңында мараптталды.

Акция шарты бойынша қатысушылар өздері туралы қазақ тілінде бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауы керек болды. Бейне ролик хроносы 4-5 минут көлемінде. Акция бір ай бұрын жарияланып, жеңіпаздарды марапттау сәті тілдер күні мерекесіне орайластырылды.

Бейнеролик сапасы мен қатысушылардың қазақ тілін еркін меңгеруі, және әлеуметтік желіде тұрғындар тарапынан тапқан қоалуы негізінде жеңімпаздар сараланды. Жүлдегі лайық деп танылған қатысушылардың бірі Айгерім Шанышпаева. Ұлты мари.

Акция қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуді, мемлекеттік тілдің құндылығы арттыруды көздейді. Қатысушылардың барлығына алғыс хат мен сыйлық табысталды.

Жанасыл Серікбол