Жерлесіміз, саяси қайраткер Хатип Хабиұлы жанымызда болса бүгін 100 жасқа толар еді. Өмірден өтсе де елі айтып жүретін өшпестей із қалдырды. Өңірдің ғана емес елдің дамуына мол үлес қосты. Ол жайлы туыстары, ізбасарлары естеліктерімен бөлісті.

Хатип Демесінов 1924 жылы Железин ауданы Шөптікөл ауылында дүниеге келді. Павлодар облысының әртүрлі аудандарында партия, комсомол, кәсіподақ ұйымдарында жұмыс істеді. 1972 жылы облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып ауыстырылды, содан кейін екінші хатшы болып тағайындалды. Хатип Хабиұлы түрлі деңгейдегі кеңестердің депутаты ретінде сайланды. 1981 жылдың ақпан айынан 1986 жылға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының хатшысы болып жұмыс істеді. Қызметке жауапты болғанын балалары да айтты.

ЛЮДМИЛА ДЕМЕСІНОВА, ҚЫЗЫ

Әрине әкеміз үшін отбасы екінші орында болды. Бұл сол кездегі жауапты азаматтардың бәрінде сондай жағдай болған шығар. Сол кезде Май ауданы құрылды, Ертіс-Қарағанды арнасы салынды, Ақсу ферроқорытпа зауыты салынды. Дәл сол кезде осындай ауқымды жұмыстар жасалған еді. Әкем сол кезде жұмысына толық берілді. Жұмыспен қамту, құрылысшыларды тамақпен, жатын орынмен қамту, одан басқа да мәселелерді шешіп жүрді.Сол жұмыстың басы қасында болды, тіпті сол жақта қонып қалатын. Мақтаған емес, ол солай өмір сүрді.

Хатип Демесінов зейнет жасына жеткен соң, Казсовпроф аппаратында, Павлодар қалалық Әкімшілігі Басшысының кеңесшісі, қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы қызметін жалғастырды. Ол жайлы үзеңгілестері, артынан ерген ізбасарлары тік мінезді, бір сөйлейтін азамат еді дейді. Сөйлесе сөздің түбін түсіретін шешен де болған.

РЫМТАЙ ШӨКЕЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Бір мінезді адам еді. Ол кісі екі сөйлемейді. Айтқанынан қайтпайды. Адам баласы ойнапы сөйлеу керек қой. Сондай адам еді. Әрбір сөзін ойланып сөйлейтін. Сол сөздерге дәлелі бар. Өте оратор адам.

Хатип Хабиұлы қызметтің адамы болған. Ол еңбек еткен жылдары өңірде маңызды өндіріс орындарының құрылысы жүргізілді. Сондықтан бұл жұмыстарға ол асыра жауаптылықпен қарады.

РЫМТАЙ ШӨКЕЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Қаланың ардагерлер ұйымын басқарғанда ол кісі ардагерлерді жинап, мән жайымен танысып, сұрақтарын бар ма беп, қарттармен көп жұмыс жасады. Ол кезде ҰОС қатысқандар сан ы50 еді, қазір 5 ғана. Қаланың тіршілігімен жұмыстарды істеп халықпен бірге болды.

Хатип Демесінов екі “Құрмет Белгісі” ордені, үш Еңбек Қызыл Ту ордені, “Халықтар Достығы” ордені, медальдарын иеленді. Екі ұл мен екі қызды өсіріп, бәріне жоғары білім берді.

Самал Қалиқызы