Павлодар облысында соңғы жылдары ұлттық спорт түрлеріне баса назар аударылып келеді. Олардың ішінде асық ату, бәйге сынды спорт түрлерінен жақсы нәтиже байқалады. Осы ретте «Менің сүйікті қалам» айдарының кейіпкері спортшы Дархан Жоламанов. Тілшіміз толығырақ тоқталсын.

Дархан Жоламанов облыстың спорт саласына үлес қосып жатқан бірде бір азамат. ОЛ 1986 жылы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Қазақша күрес, самбо сынды спорт түрлеріне 3 сыныптан араласқан. Облыстың абыройын талай рет әлемдік аренада қорғап, белбеу күресінен Азияны 3 мәрте ұтып, Әлем чемпионатының 2 рет жүлдегері атанды.

ДАРХАН ЖОЛАМАНОВ, М.ҚАЙЫРБАЕВ АТЫНДАҒЫ СПОРТТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылында мектепті тәмамдаған соң пединсттутқа оқуға түстім. Жаттығуды жалғастырып, біраз жетістіктерге жеттім. Сол жылдары Павлодар барысы турнирі болып, Павлодар намысын республикалық турнирде қорғағаннан болатынмын.

Сонымен қатар, кейіпкеріміз шәкірт тәрбиелеп, олардың жетістіктеріне талай жыл куә болды.

ДАРХАН ЖОЛАМАНОВ, М.ҚАЙЫРБАЕВ АТЫНДАҒЫ СПОРТТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Өзімнің еңбек жолымды инсттутта жалғастырдым. 2 жарым жыл одан кейін бапкерлікпен айналысып, бьіраз оларды республикалық ареналарға шығарып.

Соңғы жылдары облысымызда ұлттық спорт түрлеріне көңіл бөлініп отыр. Қайырбаев атындағы клубта асық ату, теңге ілу, бәйге, аударыспақ, көкпар, саятшылық, жанба ату бойынша қазір спортшылар дайындалып жатыр.

ДАРХАН ЖОЛАМАНОВ, М.ҚАЙЫРБАЕВ АТЫНДАҒЫ СПОРТТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазіргі уақтыт біздің спорт клубта 7 ұлттық спорт түрі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алдымызда көшпенділер ойынын болады. Қазақ күресінен үміткерлер бар. Жаттығуда жүр. Қазақ күресі палуандарын сонда көретін боламыз.

Қала күніне орай Құлагер ипподромында бәйгеден облыстық турнир ұйымдастырылады. Оған дайындық қызу. Өңіріміздің түкпір түкпірінен мықты шабандоздар келеді деп жоспарланып отыр.

Самал Қалиқызы