Павлодарда мектеп оқушылары арасында облыстық көптілділік олимпиадасы өтті. Оған өңіріміздің әр ауданынан 75 оқушы келіп қатысты. Полиглоттар үш тілде эссе жазып, әділқазы алқасы мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Көп тілді жетік меңгеру, заман талабы. Қазір оқушылар жеті жұрттың тілін біліп, сөйлеп жүргені қуантады. Облыс орталығында өткен білім додасына аудандық кезеңде сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанған оқушылар. Бүгін шарықтау шегіне қатысып, бақтарын сынады.

Жұлдыз Абаильдинова, облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» орталығының бөлім басшысы:

Ереже бойынша әр бала 3 тілде тапсырма жасайды. Бірінші эссе жазады. Эссены әр тіл бойынша 40 минут беріледі. Эсседен өткен, жақсы көп балл жинаған оқушылар 2 турға өтеді.

Өзге тілдерді үйрету тәсілдері әр түрлі. Бірі шет тілдерін кітап оқып, репетитор жалдап меңгерсе, енді бірі әлеуметтік желі қолданып, полиглот болады. Көркем Смайл ағылшын тілін бейнероликтерді қарап меңгерген екен.

Көркем Смайл, ақтоғай ауданы абай атындағы жоббм 10 сынып оқушысы:

Мектепте оқимыз ғой ағылшын тілін. Толық білем деп айта алмаймын. Бірақ мен көбінесе ток ток социальный ден қарап субтитрды дейді ғой көп тілдерді жаттадым. Егер адам көре берсе, мағынасын білсе, сол сөздер ойында қалады . үйренеді. Адаммен сол тілде сөйлессең сол тілді меңгеру саған оңай болады

Шет тілдерді меңгеру шексіз мүмкіндіктерге жол ашады. Көптілділік олимпиадасы оқушыларға интеллектуалды қабілеттерін көрсетіп, коммуникациялық дағдыларын дамыту алаңы бола алды. Айта кетейік, жеңімпаз атанған оқушы университет грантына қол жеткізеді.

Әйгерім Тоқпанқызы