Польшалық профессор Яцек Гайек кардиологиялық орталықта шеберлік сабағын өткізді. Онда гис шоғырын ынталандырудың қауіпсіз операциялық технологиясының әдісімен бөлісті. Толығырақ келесі сюжетте.

Жүрек аритмиялары деп жүректің қалыпты ырғағының бұзылуын айтады. Уақыт өте келе жүрек қағысы түрлі себептерге байланысты баяулай бастайды. Сол кезде кардиологтар жасанды қағысты қалыптастыру мақсатында ота жасайды. Облысқа келген Вроцлав политехникалық университетінің профессоры Яцек Гайек осындай отаны жаңа бағытта жасау керектігін шеберлік сабағында көрсетті.

Яцек Гайек, вроцлав политехникалық университеті медициналық факультетінің профессоры (Польша):

Негізі біз жүректі 1960 жылдан бері симуляциялаймыз. Бірақ стандартты симуляция физиологиялық тұрғыда дұрыс емес. Оның келтірер кесірі де бар. Бұл технологияның ерекшелігі электроттарды физиологиялық учаскілерге ғана қоямыз. Қалыпты жүрек сияқты жұмыс жасай бастайды. Қайта синхрондау терапия әдісі жақсы оң нәтиже береді. Бұл әдісті халықаралық кардиологтар қауымдастығы ұсынған. Гис шоғырын үнемі ынталандыру бұл классикалық кардиостимулцияны алмастыра алатын бірден бір қолжетімді, қауіпсіз операция. Жүректің табиғи жолмен жиырылуына қол жеткіземіз.

Жалпы дені сау адамның жүрек қағысы минутына 60 рет болу керек, одан төмендей бастағанда оны электроттармен симуляциялайды. Жүректің өткізгіштік жүйесіне электродтарды имплантациялау заманауи үлгідегі әдіс.

Яцек Гайек, вроцлав политехникалық университеті медициналық факультетінің профессоры (Польша):

Бүгін біз бір адамға ота жасадық. Ота барысында бәрі жақсы болып жатқанын байқадық. Сәйкесінше пациенттің жазылып кетуі де тез болады. Мен бүкіл әлемде неше түрлі клиникаларды көрдім. Мындағы клиника да жақсы, маған ұнады. Осындағы мамандарды үйретуге әркез дайынмын.

Польша елінен келген білікті маман облыстық кардиоорталықта осындай 4 операция жасайды. Ерекшелігі электроттардың жұмысын тексеру үшін операция үстелінде науқастар жергілікті анестезиямен ғана жатқызылады екен.

Арман Байшин, кардиологиялық орталықтың бөлімшесінің бас ординаторы:

Бұрын осындай оталар жасалатын бірақ аз көлемде. Тәжірибе алмасу, жаңа әдістерді қолдану мақсатында шеберлік сабағы өтті. Енді біз пациенттердің барлығын осы әдіспен операциялауға көшетін боламыз. Аритмия негізі қауіпті аурулардың бірі, адам естен танып қалуы мүмкін, жүрегі тоқтап қалуы мүмкін.

Орталыққа жылына осындай диагнозбен 100-150 науқас келеді екен. Пациенттерге операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында жасалады.

Самал Қалиқызы