Розовка ауылының оқушылары ресейлік балаларға қазақ тілін үйретіп жатыр. Осы мақсатта әр ай сайын телекөпірге шығады. Бұл туралы тілшіміз айтсын.

Розовка ауылының мектебі әр уақытта мемлекеттік тілді үйретудің, насихаттаудың түрлі әдістерін қолданады. Кезекті жоба- “Достығымыз жарасқан” деп аталады. Оның негізінде мектеп оқушылары Ресей Федерациясы, Екатеринбург облысының Сысерть қаласының №14 мектебіне телекөпір арқылы қазақ тілін үйретуде. Балалар ресейлік оқушыларды алдыңғы сабақтарда туған өлкенің тарихымен таныстырса, осы жолы ән-би арқылы ұлттық өнерді көрсетті.

Әлия Галеева, Розовка ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Жобаны мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қолға алды. Олар осылайша мемлекеттік тілдің қолдану аясын халықаралық деңгейге жеткізбекші.

Әлия Галеева, Розовка ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Айта кетейік, ауылда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Барлығы да қазақ тілін үйреніп, оған құрметпен қарайды.

Банижан Асанова, Розовка ЖОББ мектебінің түлегі:

Қолға алынған жобаны көршілес Ресей жақ та қолдап отыр. Екі ел арасындағы байланыс әлі талай нәтижесін бермек.Мектеп мұғалімдері бұл бағытта бірталай шараны іске асыруды жоспарлап отыр.

Самал Қалиқызы