Топырағы құнарлы, малға жайлы аудандардың бірі -Тереңкөл. Ауданда қазір 19 мыңнан астам халық өмір сүреді. 30 ға жуық елдімекен бар. Биыл Тереңкөлде бірқатар жобалар іске асып, халық игілігіне берілді. Бұл туралы аудан әкімі баспасөз мәслихатында баяндады.

Биыл Тереңкөл ауданы 267 мың гектар алқапқа егін егіпті. Оның ішінде суармалы алқап 4 мың гектарға ұлғайған. Сонымен қатар, мал шаруашығы да ауданның негізгі тіршілік көзі саналады. Бұл бағытта биыл бірқатар ірі жобалар іске асқан.

Елдімекендерді дамтыуға арналған «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы баршаға мәлім. Тереңкөл ауданында биыл Калиновка және Береговой ауылдары осы бағдарламаға енген. Мәселен, Калиновка ауылында біратар әлеуметтік нысандар жөнделіп, ауылға жарық тартылып, жол жаңарыпты.

Сонымен қатар, Калиновка ауылына аудандық бюджеттен 21 млн теңгеге шағын футбол алаңы мен балалар алаңы салынса, Берегой ауылында «Ауыл-ел ебсігі» бағдарламасы аясында мәдениет үйі жөнделуде. Ауданда іске асып жатқан жобалардың бірі – Песчанное ауылының үйлеріне тартылып жатқа су құбыры жобасы. Аудан әкімі бұл жоба биыл 100 пайыз аяқталмаса да, негізгі жұмыстары еңсерілетіндігін айтты.

Айта кетерлігі ауданда бонустық трансферт есебінен де бірқатар жобалар іске асқан.

Ауданда келесі жылға деген жоспары да ауқымды. Атап айтқанда Тереңкөл ауылына салынуы тиіс бассеин жобасы қазір талқыланып жатыр. Ал, «Ауыл-ел бесігі» жобасы Песчанное және Ивановка ауылдары кіреді.

Жанасыл Серікбол