Павлодарда ақыл есі дұрыс адамды жындыханада күшпен ұстаған. Бұндай фактіні аймақтың прокуратурасы анықтады. Айтуларынша, сау адамды 16 жылдан бері «жындылар» қатарына қосып келген. Тіпті, психикалық орталықтың мамандарының өзі оның сау екеніне көз жұма қараған. Тек прокуратураның тексеруінен кейін дәрігерлер ақылы есі дұрыс деген диагноз қойған. Тұрғын психикалық есептен шығарылды. Бұған кінәлі орталық басшысының орынбасары және өзге де қызметкерлер жауапгершілікке тартылды.

Ермек Ахметов, Павлодар ауданының прокуроры:

Бұл кісі 2008 жылдан бері әрекетке қабілетсіз ретінде психикалық орталықта ем алған. Яғни, 16 жылда ол сауыққан. Бірақ, оның қай кезден бастап, ақылы есі түзелгенін орталықтағы мамандар білмейді. Тіпті, емделіп сауыққан адамға назар да аудармаған.