«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы елдімекендердің ажарын аша түсті.

Тереңкөл ауданы, Калиновка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункте күрделі жөндеуден өтті. Ғимарат іші әрленіп, сырты қапталды. Келесі сюжеттен көрейік.

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы елімізде 2019 жылдан орындалып келеді. Мақсаты – ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту. Калиновка ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті 1970 жылы салынған. Іргетасы қаланған уақыттан жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Дамир Фахрислямов, Тереңкөл аудандық ауруханасының бас дәрігері:

Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ғимарат толығымен жөндеуден өтті . Фундамент салудан басталып, шатырға дейін жүргізілді

 «Ауыл – ел бесігі» даму жоспарына сәйкес бұл жолы республикалық бюджеттен 1400 жобаға 179 миллиард теңге бөлінді. Осы жобалардың бірі Калиновка амбулаториясын жаңарту ісі қосылған екен. Ғимаратты жаңартуға 75 миллион теңге жұмсалған. Ғимаратта электр сымдары, жылыту жүйесі толығымен ауыстырылды.

Дамир Фахрислямов, Тереңкөл аудандық ауруханасының бас дәрігері:

Ауыл тұрғындары өте риза. Енді емдом шараларын ауылдан шықпай ақ қабылдай алады.

Медициналық пунктте қабылдау, тексеру, емшара кабинеттері бар. Екпе егу кабинеті де бар.

Оксана Парфенонова-лицыгина, калиновка ауылының фельдшері

Біз тұрғындарға шұғыл көмек көрсетеміз және науқастарды қабылдаймыз. Процедуралар жасаймыз, вакцинациялар саламыз, скринингтік тексерулер жүргіземіз.

Жөндеуден өткен пункт барлық тұрғынға сапалы көмек көрсетуге дайын.

Сабина Жолдаспаева, Анастасия Ерш.