Павлодар облысында экологиялық ахуал әлі де өзекті. Талаптарды сақтамайтын кәсіпорында да, кәсіпкерлік субъектілер де бар. Тіпті, кейбір жағдайлар үшін жергілікті атқарушы орындары жауапкершілікке тартылуда.

Биылғы тоғыз айда экология депаратменті 70 кәсіпкерлік субъектісін тексерген. Бұнда экологиялық заңнама талаптары бұзылған 98 жағдайы анықталған. Сонымен қатар, 22 тексеріс келіп түскен шағым бойынша жүргізілсе, прокуратураның талап етуміен тағы 4 тексеріс жүргізілген.

Әсет Сыздықов, Павлодар облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

Экология департаментінің бақылауы нәтижесінде 47 әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы айыппұл көлемі 44 млн теңге. Сонымен қатар, айта кетер бір жағдай профилактикалық бақылау кезінде айыппұл өндірілмейді. Тек, ескерту жасалып талапты орындауға мерзім белгіленеді.

Ең көп кездестін бұзушылық мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарының сақталмауы, кейбір рұқсат құжаттардың болмауы. Талаптарды орындамай, заңнама бұзатындар қатарында ірі кәсіпорындар да бар. Олардың біріне 21 млн теңгеге дейін айыппұл салыныпты. Тіпті, кейбір нысандардың шаруашылық жүргізу құқығы да тоқтатылған.

Әсет Сыздықов, павлодар облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

Қазір бірінші категориядағы нысандарға автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату талабы бар. Бұл қалдықтарды уақыты анықтап, кәсіпорын тарапынан да, мемлекеттік бақылау тарапанына да тиісті шараларды жылдам жасауға мүмкіндік береді. Павлодар облысында осындай автоматты жүйені орнатуға міндетті 15 кәсіпорынның 10-ы орнатты. Деректерді беретін ақпараттық жүйе 3 кәсіпорында орнатылды. 5 кәсіпорын орнатып жатыр. Бір кәсіпорын тесттік режимді жұмыс істеуде.

Облыста заңсыз қоқыс үйінділерінің мәселесі де әлі де өзекті. Жалпы 300 ден астам қоқыс төгу орындары экологиялывқ талапқа сай емес.

Әсет Сыздықов, павлодар облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

Ғарыштық мониторинг барысында облыста 205 заңсыз қоқыс орындары анықталды. Жыл басынан бері департамент 80 нен астам реидтік шара өткізіп, 26 үйіндіні жойды.

Тағы бір айта кетері экологиялық талаптардың бұзылуына жол берген жергілікті атқарушы мекемелер де жауапкершілікке тартылады. Департаменті биыл осындай 8 мемлекеттік мекемеге айыппұл салған.

Жанасыл Серікбол