Павлодарлық оқушыларға пластиктің қоршаған ортаға неліктен қауіпті екені айтылды. Табиғатқа нақты қалай әсер етеді және айналамызды осы қоқыстан қалай қорғай аламыз? Толығырақ келесі сюжетте.

Қоршаған ортаға негізгі зиян пластиктің өзінен емес, оның қоршаған ортада ұзақ уақыт болуы кезінде пайда болатын микробөлшектерінен болады. Пластмассаның табиғи ыдырауы кезінде ол қауіпті метан газын бөледі.

Көп мөлшерде жинақталғанда, ол айналасындағы ауаны улап қана қоймайды, сонымен қатар жаһандық жылыну процестеріне де әсер етуі мүмкін. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы Павлодар колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Жасыл өмір салтын» қалай насихаттау керек» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дания Балтабай, Павлодар қалалық «Жасыл ел» штабының мүшесі

Бүгін пластиккке қатысты барлық ақпаратты жеткізудеміз. Оның ерекшелігі, зияны мен пайдасы айтылуда. Өйткені, жастар толық білген жағдайда ғана саналы шешім қабылдай алады. Оны қалай пайдалану керек, қалай сұырптау керек бәрі айтылуда.

«Жасыл өмір салты» дөңгелек үстелі адамдардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігі мен табиғатқа деген құрметін оятуға арналған.

Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров.