Павлодар қаласының Естай атындағы мәдениет үйінде ардагерлер хорының гала концерті өтті. Ұжым мүшелері дәстүрлі және халық әндерін шырқады. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Бұл концерт Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылды. Байқауға облыс орталығындағы шағын аудандары мен қаламыздағы ұйымдардың ардагерлері қатысты. Қоғамдық жұмысқа белсенді араласып, мәдени өмірден қалыс қалмайтын ардагерлер сахна төрінде әр тақырыпта ән айтты. Шараға 400-ден аса зейнеткерлер қатысты.

Қайырманат Батталова, Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің мәдениет комиссиясының төрағасы:

Жюри мүшелеріне қиын болды. Себебі мында талантты адамдар көп болды. Зейнеткерлер қазір бос уақыттарын осындай клубтарға барып, өздерінің аудандарында көркем өнерпаз үйірмелеріне қатысып, осы шараға қатты дайындалды. Бәрі қобалжып, барлықтарыөте белсенді қатысты. Жюре мүшелрі осы 15 қазанда өткен байқаудан 12 номерді таңдап алды. ол кісілер енді ендігі жылы апрель май айында болатын облыстық конкурсқа қатысады.

Ардагерлер хорының есеп беру концертіне көрермендердің қарасы қалың болды. Ұжым қатысушылары әр салтанатқа мерекелік бағдарлама ұйымдастырып, әр ауданда өнер көрсетеді.

Кенже Кенесбаев, Павлодар қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Осы айдың 1 күні қарттар күні деп осындай концерт бергенімізде осылай зал толы еді. Міне ол сіздердің бізді қолағандарыңыз, ардагерлерді мадақтағандарыңыз, сіздерге зор денсаулық тілеймін, жақсылықта, қызықта осылай кездесіп отыруға жазсын.

Концерт барысында 15 қазан күні өткен байқаудың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Олар түрлі номинацияда дипломдарға ие болды.

Қарияларымыздың орындаған әндері мен патриоттық рухы залды ерекше ықыласқа бөледі. Айта кетейік, концертте ерекше өнер көрсеткен ардагерлер хорының мүшелері келер жылы өтетін байқауға жолдама алады.

Сабина Жолдаспаева