Павлодарда жастар арасында «Үздік мамандық» байқауы өтті. Қатысушылар әр түрлі бағытта шеберліктерін көрсетті. Толығырақ әріптесім Байтұрсын Жұмабай айтып берсін.

Павлодарлық жастар орталығы шаһардағы өнерлі жастарды анықтауда. «Үздік мамандық» байқауында кондитерлер, ағаш шеберлері, бет әрлеушілер, жас архитекторлармен қатар фотографтар сынға түсті. Бүгін тұрғындар үздік фотографтарды анықтады.

Жандарбек Қабдраш, жастарға қызмет көрсету орталығының басшысы:

Бүгін бізде үздік маман атты облыстық байқау өтіп жатыр. Бұл байқау бойынша 5 бағыт қамтылды. Бүгін фотографтар арасында байқау өтіп жатыр. 25 қазан күні Республика күніне байланысты шешім шығарылады.

Фотографтар додасында өрендерге Кадрдағы эмоция, макро әлем және қала тарихын бейнелеу тапсырмасы берілді. Жалпы саны 10 қатысушы бұл тапсырманы мінсіз орындады. .

АҚЕРКЕ КҮНАТ, ФОТОГРАФ

Біріншіден мен қала өмірінде қоғамға ең байланысты және бүгін алып келдім сол суреттерді.

Сайыс 24 қазанға дейін жалғасады. Ал жүлдеге іліккен жеңімпаздарды өз саласына қажетті құралдармен марапаттамақ.

Байтұрсын Жұмабай