Президент осыдан 4 жыл бұрын балық ресурсын қорғау жөніндегі шараларды күшейту жөнінде тапсырма берген еді. Содан бері Павлодар облысының көл айдындарының экожүйесін қалпына келтіре отырып, ондағы балық популациясын ұлғайту жөніндегі шараларды атқаруда.

Павлодар облысында көлдер мен тоғандарды балықтандыру мақсатындағы кешенді іс-шаралар бірнеше жыл бұрын басталған. Осы уақытқа дейін ондаған мың тонна балық Ертіс өзені мен өзгеде көлдерге жіберілген. Енді Баянауылдағы Торайғыр және Сабындыкөл айдынына алғашы рет балықтар жіберіледі.

Жасұлан Жұмашев, Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының жануарлар дүниесі бөлімінің басшысы:

Жиырма бірінші жылдан бері басталып келе жатыр

Бұл шаралар су айдындарының балықжайлығы арттырып қана қоймай, көлдердің, тоғандардың биоалуандылығына да кепіл болады. Мәселен, ақмарқа балығын айдындарға жіберілуінің өз себебі бар дейді мамандар.

Жасұлан Жұмашев, Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының жануарлар дүниесі бөлімінің басшысы:

Бұл балық кездейсоқ таңдалған жоқ. Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сүйендік. Соңғы жылдары бізге бұл көлдерді қамыс басып кету фактілері бар екендігі туралы хабарлама келді. Ақмарқа балығы табиғи мелиоратор болып саналады. Сондықтан қамыстың өсіп кетуін бейтараптандыру және алдын алу үшін таңдалды

Сонымен қатар, бұл шара экономиканың да, туризмнің де оң бағытта дамуына әсер етеді деп күтілуде.

Жанасыл Серікбол