Өңірге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов өңір шаруаларымен кездесті. Елордалық мейман «Ақтоғай МИЛК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көкөніс сақтау қоймасы мен тауарлы-сүт фермасын аралады. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Үкімет басшысы кеңесшісінің жұмыс сапары Ақтоғай ауданының «Ақтоғай Агро» серіктестігінен басталды. Шаруашылық 2022 жылы құрылған. Қазір фермада 1500 ірі қар мал басы бар. Тәулігіне 30 литр сүт өндіреді.

Сергей Горбачев, «Ақтоғай milk» ЖШС атқарушы директоры:

Қазір біз серіктестігімізді кеңейтіп жатырмыз. Мал басын көбейтеміз. Заманауыи құрылығалар арқасында 6 сағат ішінде бір мезетте мыңнан аса саумалы сиыр сауылады.

Ірі қара Еуропадан сатып алынады. Шаруашылық мал асығын да өсііреді. Өнім — Облыс ортағына, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарына жеткізіледі екен. Бұдан кейін Ералы Тоғжанов көкөніс қоймасының жұмысымен танысты.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі:

Тұтынушылар жергілікті өнімді сатып алу керек. Бұл арқылы ауыл экономикасы өседі. Сондай-ақ осындай ірі шаруа қожалықтар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту керек.

Сапар соңында елордалық мейман елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

Әйгерім Тоқпанқызы