Өрт сөндіруші болу-адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті өз мойнына алу. Осындай аса жауапты міндетті тұтас әулеті болып арқалап жүрген жандар бар. Құтқарушылар мерекесі қарсаңында, осы миссияны 100 жылдан аса уақыт бойы арқалап жүрген Қарабалиндер әулеті жайлы алдағы материалымызда.

Қарабалиндер әулетінің үлкені-Алдаберген Қарабалин. Ол 30 жылдан астам қызметте болған. Алдабергенің інісі мен әпкесі де өрт сөндіру қызметінде жұмыс атқарған. Інісі Шоқан Қарабалин 16 жыл, ал әпкесі Аягөз Қасымова 25 жыл қызмет етті. Қазір олар да зейнетте. Мектепте оқып жүрген ұлы Есенжол Қарабалин отбасының дәстүрлерін жалғастырып, әкесінің ізімен жүруге бел буған.

Есенжол Қарабалин, 5-өсб қарауыл бастығы:

Әкем өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеген. Содан әжем әкемді институқа түсіру үшін Алматы қаласына апарған болатын. Себебі, Үлкен әжеміздің таныстарының ұсынысы бойынша, олар Алматыға барып, институтқа орналастырды.

Есенжол Қарабалин Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясын бітірген. 2003 жылы бітіргеннен кейін өрт профилактикасы тобының инспекторы қызметін бастады. 25 жыл бойы Өрт сөндіру қызметінде жүрді. Қазір «Павлодар облысы 5-ӨСБ қарауылының» бастығы болды.

Есенжол Қарабалин, 5-өсб қарауыл бастығы:

Менің қарауыл бастығы ретіндегі міндетім- құрамның әрқашан дайын болуын қадағалап, техниканың дайын болуын қамтамаыз ету. Сондай-ақ өзіміз практикалық сабақтар өткіземіз. Әркімнің өзінің арнайы мамандығы бар. Менің мамандығым-өрт-техникалық қару.

Есенжолдың пікірінше, өрт сөндіруші болу-бұл тек өз ісіне берілген адамдар ғана көтере алатын үлкен жауапкершілік.

Есенжол Қарабалин, 5-өсб қарауыл бастығы:

Мен ерлер ұжымында жұмыс істегеніме қуаныштымын, себебі бұл мамандыққа ер мінезді адамдар қажет. Ұжымымыз өте жақсы. Әрине түрлі жағдайлар болады. Бірақ бұл жерде біз әрқашан бірігіп жұмыс істейміз.

Өрт сөндіру бөлімінің командирі жеке құраммен шақыруларға шығып қана қоймай, аварияны жою және басқа да төтенше жағдайлар орнындағы өрт сөндірушілердің жұмысына тікелей басшылық етеді. Айта кетейік, Есенжол «Тәлімгер» жобасында ерікті болды, оның негізгі мақсаты - балалар үйіндегі балаларды әлеуметтік өмірге бейімдеу.

Сабина Жолдаспаева, Валентина Леонова.