Облыста инфекциялық стационарға осы аптада 36 адам пневманиямен жатқызылған. Олардың ішінде 8 бала 1 жасқа толмаған, 22 бала 14 жасқа дейінгі. Жалпы өңірде пневмонияның ахуалы қалай? Тілшіміз айтсын.

Пневмония, өкпе қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан немесе басқа аурулардың асқынуынан болатын жұқпалы ауруы. Мәселен қаламыздағы №3 аурухананың терапиялық бөлімшесінде осы пневмониямен ауырған науқастар жатыр.

Александр Комков, №3 қалалық аурухананың терапиялық бөлімшесінің меңгерушісі:

Біздің терапия бөлімшесі 25 орынға арналған. Оның 20-сы терапиялық, 5 токсикологиялық. Маусымдық кезеңге байланысты күз келгендіктен қазір пневмониямен түсіп жатыр. Негізі пневмония вирустық және бактериялық болып кездеседі. Вирустық пневмониямен инфекциялық ауруханалар айналысады. Бізге бактериялық түрімен келеді. Пневманияның негізгі белгілері дене қызуы көтеріледі, жөтел, қақырықпен жөтелу, ентігу, әлсіздік, тершеңдік, бастың ауруы, бастың айналуы болады. Осындай белгілер болып үйде үйде емделуге болмайды. Бірден емханаға немесе ауруханаға жүгінген дұрыс.

Стационарда науқастар жағдайына байланысты орта есеппен 6 дан 10 тәулікке дейін жатады. Дәрігер бұл пациенттердің жағдайына байланыста дейді. Ауыр жағдайдағы науқастар бұдан да артық емделеді.

Сәуле Бексұлтанова, емделуші:

Сол ауырып қатты жөтел, демала алмай қысым болды. Давление көтеріліп. Скорый шақыртып осында әкелді. Больницаға жатыңыз деп.

Қазақстанда пневмония жағдайларының айтарлықтай өсуі тіркелді. 2024 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда пневмонияның 49 704 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға артық. Павлодар облысында инфекциялық стационарға осы аптада 36 адам пневманиямен жатқызылған. Олардың ішінде 8 бала 1 жасқа толмаған, 22 бала 14 жасқа дейінгі.

Самал Қалиқызы