«Ертіс орманы» резерватына жататын Шалдай орман шаруашылығы өңірдің ірі қарағайлы қоры. Қазір мұнда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Ары қарай алдағы бейнематериалда.

Көптеген материалдық ресурстардың көзі болып табылатын орманның адам өмірінде атқаратын маңызы зор. Яғни, жер бетінде орман болмаса адамзаттың өмір сүруі де тоқтайтын еді. Демек, Ертіс орманы резерватына жататын Шалдай орманы өңіріміздің баға жетпес байлықтарының бірі. Қазір мұнда жалпы ауданы 163296 гектарды құрайтын орман орналасқан. Ормандарды күзгі толықтыру мен өсірудің кешенді жоспарына сәйкес қызметкерлер тынбай еңбек етіп жатыр. Нәтижесінде 2828 га алаңға орман дақылдарын отырғызып үлгерді.

Мейрам Ибрагим, «Ертіс орманы» табиғи резерваты шалдай филиалы «1мая» орманшылығының бас орманшысы ;

Міне бізге күзгі науқан басталып кетті. Құдай қаласа ертең жұмыста бастаймыз. 450 мың штук көшет отырғызамыз. Бұл жұмыс жылда атқарылады. Көктемгі бар апрель айында саламыз.

Ағымдағы жылы орманды қалпына келтіру іс-шараларының жоспарын орындау үшін резерват екі кезеңде, яғни көктемгі және күзгі отырғызуды белгіледі. Атап айтқанда 2024 жылғы күзгі көшет отырғызу нәтижесінде 1731 гектар жерге 7692,6 мың ағаш отырғызылды.

Марат Аманов, «Ертіс орманы» табиғи резерваты шалдай филиалы директорының орынбасары:

Қазір міне екіжылдық қарағайлар қазып алынуда. Нәтижесінде орманға отырғызылатын болады. Мың гектар аумаққа 4 жарым миллион ағаш дәнегі отырғызылатын болады. Сонымен қатар алдағы уақытта күтім шаралары мен күзет жұмыстары да жүргізілетін болады.

Қазір мұндағы қызметкерлер суық ауа райына қарамастан таң атысымен жұмыс істейді. Талдау жұмыстары 2003 жылдан бері жүргізіледі. Нәтижесінде резерваттың өткен жылдармен салыстырғанда 45 435 гектары қалпына келтірілген.

Салтанат Бауыржанқызы.