Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылға пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жоспарын бекітті. Жоспар бойынша мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс жер көлемі 140 мың га құрайды. Ары қарай тілшіміз тарқатсын.

Жоспарланған көлемнің 50,5 %-ын құрайтын қайтарылған жердің 8,6 мың гектары егістік, 60,8 мың га жайылым, ал, 1,3 мың га — басқа мақсаттағы жерлер болып саналады.

МҰРАТ ХАМИТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі біздің облыс үшін, 2024 ші жылға 140 мың га көлемінде пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жоспарын белгіледі. Бүгінгі күні мемлекет меншігіне 70,7 мың га қайтарылды. Оның ішінде 20 жарым мың га жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты, 42,2 мың га ерлікті бас тарту,4,4 мың га мәжбүрлеп алып қою, 3,5 мың га басқалар арқылы қайтарылды. Оның ішінде 18 мың га қайта айналымға таратылды. Оның ішінде 19,9 мың га халық мұқтаждығы үшін.

Жер қайтару туралы мәліметтердің шынайылығын және жалған деректердің болмауын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар, жер қатынастары басқармасы және жер ресурстарын басқару жөніндегі департамент арасында тексеру жүргізілетіндігін баяндайды.

МҰРАТ ХАМИТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ағымдағы жылы Қазақстан ғарыш сапары ұлттық компания акционерлік қоғамының геосервисі арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша анықталған пайдаланылмайтын жердің ауданы 502,3 мың га алқапты құрайды. Олардың ішінде 482,2 мың га жерде мал жайылмайды, ал, 20,1 мың га жерде төмен жүктеме байқалады.

Брифинг барысында басты мәселе жердің игерілмей қалып қоюында екендігі айтылды.

СНХ: МҰРАТ ХАМИТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Біздің басты мақсатымыз жерді тартып алу емес, біз халықтан не сұрап отырмыз, жер игерілуі керек. Берген жерді пайдалану керек. Сол үшін біз осы жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. 01.02 СКЛЕЙКА 01.20 Қазіргі бағдарлама бойынша біздің облыс әкіміде бізге сондай тапсырма беріп жатыр. Жастарға кімнің жері жоқ ең бірінші соларға беру керек деп.

Айта кетсек, 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде мемлекет меншігіне 7,5 мың га жер қайтарылды. Сондай-ақ, ведомствоаралық органдардың пайымдауынша 62,2 мың га пайдаланылмайтын жерлер бойынша шара қолдану үшін материал жіберіліп, 1,3 мың га жер, жайылымнан егістік санатына ауыстырылған. Ал жер пайдаланушылар 40,5 мың га аумақта мал бар екендігін хабарлайды.

Салтанат Бауыржанқызы