Су – тіршілік көзі, сонымен бірге, тілсіз жау екенін де естен шығармаңыз. Қауіптің алдын алу мақсатында облысымызда жазғы маусымдағы рейдтік алдын алу іс-шаралары қатаң жүргізілуде. Ары қарай тілші әңгімесінде.

Облысымызда жыл басынан бері өткізіліп жатқан сақтық шаралар мен олардың алдын алу фактілеріне қарамастан, су айдындарында азаматтардың қайтыс болуының 9 фактісі тіркелген.

ТЕМІРЛАН ЖАПАЛБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД-НІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ

8056 00.29 Полиция департаменті білім басқармасы біріге отыра күнделікті тұрғыда рейдтік шаралар өткзіледі. Бүгінгі таңда бізде жалпы саны 5мыңнан астам рейдтік шаралар өткізіледі. Осы рейдтік шаралар барысында суда қауіпсіздік ережелерін бұзған сәтте әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412 бабы бойынша айыппұл салынады

Облыс аумағындағы 47 жағажайдың 27-і коммуналдық, 20-сы жеке. Ал қауіпсіздігі мен дайындығына қарай зерттелген 44 жағажай болса, жабдықталған жағажайлар саны 37 – ні құрайды. Айта кетсек профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру мақсатында 3000 дана "су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері" бар плакаттар, облыс бойынша орналасқан 18 ақпараттық баннер және 6 LED экрандардағы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бар бейнероликтер ұсынылған.

ТЕМІРЛАН ЖАПАЛБАЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД-НІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ

8056 01.23 Сонымен қатар департамент жеке құрамымен білім басқармасының бірігуі арқылы әртірлі шаралар өткізіледі. Яғни мектептерге бару арқылы. Балаларды жастайынан қауіпсіздік ережелеріне баулуда өз септігін тигізеді.

Осы кезеңде 800-ден астам бала қатысуымен, орталық жағалау сахнасында "Бақытты балалық" атты қауіпсіздік мектебі де жұмыс істеуде. Оған қоса балалар «Халықрадиомен" бірлескен жұмыстар нәтижесінде, радиохабарлар, әңгімелер, ертегілер арқылы қауіпсіздік ережелерімен танысу мүмкіндігіне де ие.

Салтанат Бауыржанқызы