Павлодар облысының екі тұрғынында кене энцефалиті анықталды. Олардың жағдайы қазір тұрақты. Жалпы кене шаққаннан кейін пайда болатын бұл сырқат қаншалықты қауіпті? Келесі сюжетте

Павлодар облысында алғашқы кенелер сәуір айының бірінші жартысында пайда болды, бірақ кенелердің ең жоғары саны мамырдың аяғына келді. Бұл жәндіктер қауіпті, себебі олар конго-қырым геморрагиялық қызбасы, туляремия, кене энцефалиті және кене риккетсиозы сияқты ауруларды жұқтыруы мүмкін. Бірақ біздің өңірдің кенелері қауіпті емес деп айтқанбыз, алайда 2 тұрғын кене энцефалитіне шалдықты.

ГҮЛМИРА ҚҰЛМАҒАМБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Кене энцефалитімен ауырған бірінші жағдай ШҚО-на барған тұрғыннан анықталды. Сол жерде орманға шыққанда кене шағып алған. Өзі жұлып тастаған. Павлодарға келгесін ол адамда 1 апта бойы дене қызуы көтерілген. Медициналық көмекке жүгінбеген, бірақ жағдайы ушығып кеткенда келген. Осылайша дәрігерлер кене энцефалитін зертхана арқылы анықтады. Қазір ол стационарлық емде.

Осы ретте мамандар кене шаққан кезде үй жағдайында емделмей, бірден медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

ГҮЛМИРА ҚҰЛМАҒАМБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Екінші жағдайда павлодарлық Ресей Федерациясының Түмен қаласына барған. Сол жақта кеше шаққанын байқап, бірден медициналық көмекке жүгінген. Бірден иммунноглабулин салынған. Павлодарға қайтіп келген соң да мамандарға барды. Жағдайы жақсы.

Кене шағу маусымы жалғасады. Сондықтан табиғатқа шығарда барынша жабық киінген дұрыс. Себебі кене энцефалитінің салдары өте ауыр дейді мамандар.

Самал Қалиқызы