Майқайың-алтын кенішіндегі шахта ойығына түсіп кеткен автобус табылды. Құтқарушылар оны кеше кешкісін байқап, қазіргі уақытта оны қазып шығаруға әрекеттеніп жатыр. Ішінде көлік жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі болуы мүмкін деп болжанып отыр. Автобус арада 7 айға жуық уақыт өткенде топырақ арасынан табылды.