Соңғы кездері әлеуметтік желіде, ғаламтордағы сауда-саттық кезінде алданатындар саны көбеюде. Елімізде ғаламтордағы қауіпсіздік мәселесі қамтамасыз етілген бе? Тілші әңгімесінде.

Ғаламторды түрлі мақсатта қолданатындар саны артуда. Өзінің арам ниетін жүзеге асыру үшін олар сан түрлі қитұрқы әрекеттерге баруда. Ғаламтордағы алаяқтарға алданбас үшін, ең алдымен, адам желілік сауатты болуы керек. Әдетте сенгіш, арзан дүние көрсе дереу сатып алуға дайын тұратын жандар олардың басты нысанасы.

САФУАН ЖАМПЕЙІСОВ , ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Брифинг басында өздеріңіз айтып өткендей қазір қоғамда ғаламтордағы алаяқтар саны артуда. Тіпті бір ретте бұл жағдайға тап болған жандардың өзі, қайтара осындай оқиғаны бастан кешіп жатқан кездер де туындауда. Біздің қызметкерлер халыққа күдік тудыратын хабарламаларға жауап бермеулерін, ос арқылы банктерге барып, түрлі ақша қарыздау процестеріне араласпауларын сұраймыз. Ары қарай да жұмыстар жүргізіліп, іс шаралар өткізіп жатса көптеген адамдар әлі де алдануда. Бұндай процесстердің көөбісі осы бәрімізге белгілі ВАТСАП желісі арқылы орын алатындығын да ескере кетсеңіздер.

Республикалық көрсеткіш бойынша Астана, Алматы және Қарағанды сияқты ірі қалалардан кейінгі ең жоғары пайыздардың бірі біздің облысымызда. Анықтаушылардың тергеу жұмыстары бойынша сотқа 1238 іс жіберілген.

ҚАБДЫЛМАНАП ӘКЕБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫ

Бүгінгі күні ағымдағы жылдың 16 маусымынан бастап жаңа баптар бойынша 135 құқық бұзушылық тіркелді. 112 іс жүргізу аяқталды, оның ішінде 26 іс сотқа жіберілді, 86 іс тоқтатылды. Толығырақ айтсақ, 51 іс жәбірленушінің шағымының жоқтығы үшін, 24 іс әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы үшін, ал 11 іс тараптардың татуласуы үшін тоқттатылды.

Айта кетсек, күдікті жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеп, жәбірленушіден қарсы өтініш келіп түспеген жағдайда. тараптардың татуласуына байланысты істер тоқтатылады.

Салтанат Бауыржанқызы