Май ауданының орталығы Көктөбеде ішкі көше жолдары жөнделіп жатыр. Жолдарды жақсарту мақсатында қанша қаражат бөлінді? Алдағы сюжеттен көрейік.

Жол мәселесі-жұрт мәселесі. Әрі бұл қашан да өзекті, әрі сапалы болуы тиіс. Биыл аудан орталығы Көктөбеге облыстық бюджеттен ішкі көше жолдарына 291 млн теңге бөлінген. Жалпы саны 13 көше жолдары жөнделеді.

Өткен жылы ауылда 9 көше жөндеу көрген.Оған қазынадан 216 млн теңге бөлінген. Алдағы уақытта да ауыл жолдары 100 пайыз жаңартылмақ.

Көктөбе ауылында жөнделіп жатқан 13 көше жолдарының жұмысы шілде айындаь аяқталады деп жоспарланған.