Аймақтық Ертіс телеарансының түсірілім тобы Ресейге сапарында Алтай республикасының өнерпаздарымен кездесті. Ұлттық өнерді ұлықтап өскелен ұрпаққа насихаттап жүрген жандардың бүгінімен танысып қайтты.

Өнері ұстем ұлт қайда жүрседе домбырасын тастамай ән шырқап, күй ойнап ауыл балаларын өнерге бөлейді. Жанайдар Нұрсалиев Алтай республикасының өнерлі азаматтарының бірі.

Сазгер қазір шығармашылық өнерді өмірімен ұштастырып отыр. 20-ға жуық әннің әуенің жазған. Олардың арасында жас жұлдыздардың ішінде Димаш Құдайбергенұлына арнаған «Димаш Байжума» атты керемет күйімен көпті таң қалдырды.

 «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық даналығының ақиқаттығын тағы бір мәрте дәлелдеп жүрген Жанайдар Нұрсалиев өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін әнімен әуелете жеткізді.

Тау шыныңдағы халық арасында ұлттық өнерге деген көз қарасы ерекше. Сол өнерді өзге елде дамытып жүрген жандардың бірі «Керуен» тобы.

Өнерпаздар түрлі тілде ән шырқып көптін көңілінен шығады. Алғаш Мәскеу қаласының үлкен сахнасында өнер көрсетеді. 30 жылға жуық тарихы бар топ Қазақстанның түрлі жобаларына да арнайы шақыртылған екен.

Қазақ әндерімен шет елді таңқалдырған жандар қазір Қосағаш ауданының әжелерін де өнерге баулып жүр. Таулы өлкенің шетіндегі Алтай жерінің қазақ ауылы Жаңаауылда ақ жаулықты әжелерден құралған ансамбль бар.

ЛЯЗЗАТ АҚҚОЖАНОВА, ҚОШ-АҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Біз жай ғана ән айтпаймыз. Біз аән айтқанда қазақтын салт дәстүрін көрсетеміз...фольклерно этнографический ансамбль. Осы Алтай қазақтарының салт-дәстүрін шет елге паш етіп кележатырмыз. Ансамбл құралғаннан бері 2000 жылдан бері бүгінгі күнге дейін келе жатырмыз

Терең тарих қойнауынан өзге елде тұрақтап ұлттық өнерді жоғалтпаған қазақ жұрты туралы 3 тамыз сағат 19.00-де Ертіс арнасының «Мен қазақпын» жобасын жіберіп алманыз.

Байтұрсын Жұмабай