Павлодар-сүікті қалам» айдарын жалғастырамыз. Келесі кейіпкеріміз - Виктор Поликарпов. Павлодар облысының сурет өнеріне үлес қосқан бірде бір азамат. Оның туындылары түрлі елдердің жеке коллекцияларында сақталған. Павлодарға арнаған жүздеген туындысы бар. Кейіпкеріміз жайлы келесі сюжетте.

Виктор Поликарпов Павлодар қаласының тумасы. Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Ол Павлодар облысының ғана емес, еліміздің ардагер суретшілерінің бірі саналады. Қазір жасы 85 тен асса да өзінің шеберханасында әлі де жаңа туындыларды жасап жатыр.

ВИКТОР ПОЛИКАРПОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, СУРЕТШІ

Павлодар қаласының басты байлығы ол Ертіс. Әр адамды туған жерге шақыратын бір нәрсе болады. Павлодарға қайтып келетін барлық адамдарды шақырған дүние - осы Ертіс. Міне жақында Астанадан келдім. Жол бойы жазық далаға куә болдым. Бұл бір фильм түсіретіндей ғажап. Сондықтан Павлодардың ерекше тұсы Ертіс деп айта аламын.

Суретші өткен күндері көз алдындағы көркем фильмдей ерекше айтып берді. Соғыс басталған кезең, ата анасының соғысқа аттануы барлығы есте қалды деді. Сурет өнеріне деген махаббаты да ерекше. Суретшінің шығармашылығы тек Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де кеңінен танымал. Оның жұмыстары түрлі елдердің жеке коллекцияларында, соның ішінде Австралия, Австрия, Германия, Канада, Ресей, АҚШ, Франция, Жапонияда бар. Ол талай жыл Павлодар облысының атынан республикалық және халықаралық байқауларда өз туындыларын ұсынды.

ВИКТОР ПОЛИКАРПОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, СУРЕТШІ

Мен кішкентай кезімнен суретші болуды армандадым. Өзім симфониялық оркестрде болдым. Бірақ бұл ғажайып сезім. Мені басқа балалардың алдына ерекшендіретін. Мысалы бала жастан музыкаға жақын адамдар болады. Олар музыкалық аспаптарда ойнайды. Ал мен суретші болғым келді.

Виктор Поликарпов Сурет салу өнеріне қосқан үлесі үшін "Құрмет Белгісі" ордені, "Еңбек ерлігі үшін" медалі, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төс белгісі, Астана қаласы Суретшілер Одағының "Құрмет" белгісін алды.

Самал Қалиқызы