Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Бабалар үні» атты жоба бірнеше жылдан бері жүруде. Оның аясында дәстүрлі әншілердің дауысымен жазылған күйтабақтар жинақталып, көпшілікке ұсынылуда. Музей жәдігерінен халқымыздың біртур перзенттерінің үнін тыңдауға болады.

Бұл дауыс академик Әлкей Марғұлан мен Жүсіпбек Елебековке тиесілі. Олардың сөйлеген сөзі дүлдүл әнші Әміре Қашаубаевты еске алу сәтінде күйтабаққа жазылған. Айта кетейік, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің бастамасымен, осыдан үш жыл бұрын «Бабалар үні» атты жоба басталды. Оның ааясында жергілікті әншілеріміздің дауысымен жазылған туындыларды тыңдай аламыз. Музейде жалпаы саны 50-ге жуық күйтабақ сақтаулы тұр екен.

МЕЙРАМҒАЛИ ЕСМҰХАНОВ, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ

Бабалар үні жобасының мақсаты қорымыздағы күйтаспалардың ішіндегі өнер майталмандары мен өнер иелерінің орындаған әндерін нақышына келтіре орындаған дәстүрлі әншілердің дауысымыен естірту. Негізінде күйтабақтар, зерттеу ғылыми жұмыстары аясында, мысалы Иса Бавйзақовтың немере-жиендері үйлерінен алынып жатты. Және жергілікті халық арасынан музейге әкеліп тапсырып жатқандар да болды

Келесі туынды Иса Байзақовтың поэмасынан алынған «Ақбөпе» әні. Орындаушысы – Кенжегүл Сыдықова.

Күйтабақ құдыреті өткен дәуірдегі әншілердің орындаушылық ерекшелігін қаз-қалпында сақтап қалған. Мысалы, дүлділ ақын Иса Байзақовтың, халық әншісі Жаяу Мұсаның, Әміре Қашаубаевтың орындауындағы әндер және басқа да тұлғалар домбырамен күмбірлеткен күйлер бар.

МЕЙРАМҒАЛИ ЕСМҰХАНОВ, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ

Бір айта кетерлігі, былтыр Роза Бағланованың 100 жылдығына орай осы күйтабақтардың ішінде Роза Бағланованың орындауындағы күйтабақ бар. Оның ішінде, өзімізөдің жергілікті ақын-жерлесіміз Нұтфолла Шәкеновтың «Таңсамалы» деген өлеңі орындауында бар

Айта кетейік, «Бабалар үні» атты жоба музейдің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына салынып отырады. Мұндай жоба біздің баға жетпес байлығымызды дәріптейтіні сөзсіз.

Қымбат Садық