Борышкерлерді банкрот деп тану туралы ең көп шешім бойынша облыста Павлодар қаласы көш бастап тұр. Ал қазіргі уақытта соттан тыс банкроттыққа 3900-ге жуық өтініш берілген.

2023 жылғы 3 наурыздан бастап елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңы қолданыста. Атап өтсек заң жеке тұлғалардың қарызымен байланысты мәселелерді шешу үшін соттан тыс банкроттық, сот арқылы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру секілді 3 рәсімді ұсынуда.

ЖАСЛАН СЕРЖАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ДӘРМЕНСІЗ БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

2024 басынан бастап 998 өтініш қабылданған. Оның 517-і оң қаралды, 140 адам өтініштерін кері қайтарып алды, 2900-ге жуық өтініштерді қараудан заңда көзделген шарттарға сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды.00.44

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сотта қарыздарды бөліп төлеу мүмкіндігін алуды көздейді. Бұл рәсімнің артықшылығы - одан кейін адамға «банкрот» мәртебесі берілмейді, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

ЖАСЛАН СЕРЖАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ДӘРМЕНСІЗ БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Бонкроттық шешімге келгеннен кейін ол азамат 5 жыл көлемінде кез келген қарыз түріне жолы жабық болатындығын түсінуі қажет. Иә артықшылығы бөліп төлеу мүмкіндігінде. Бірақ келесі бонкроттық шешім тек 7 жыл уақыт өткеннен кейін қабылданатындығын да ескерген жөн. Бұл сәтті бізге жүгінетін көп қала тұрғындары тек қарызды жауып тастасам деген ойда болады, бірақ осы тұста алдағы уақытта екінші мәрте қарыз алмау алу мүмкіндігіне де қарау қажетттілігі туындап отыр.

Заңда көзделген шарттарға сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылған өтініштерге байланысты қазіргі уақытта облысымызда 280 борышкер қаржылық мониторингтен өтуде.

Декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тапсырмаған немесе тапсыруды кешіктірмеген болса, онда ескерту жасалады, ал оны бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін жеке тұлғаларға 15 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

ЕРБОЛАТ ҒАББАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС ТӨЛЕМДЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ;

7382 адамның өтініштері қарастырылды. Оның ішінде 5162 өтінішпен бастан аяқ жұмыс атқарылды. Ал байланысқа шығу мүмкіндігі жоқ 2220 адамдардың кейбірін біз әлі іздестіру үстіндеміз, не болмаса олар әлі декларация тапсырмағандар қатарында.

Айта кетсек, соттан тыс банкроттыққа өтініш беру рәсімі, жеке тұлғалардың банкроттық шарттары туралы ақпаратты павлодарлықтар Мемлекеттік кірістер органдарында және байланыс орталығына 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады.

Салтанат Бауыржанқызы