Өңіріміз туристік саланы дамытудағы келешегі бар өңірлердің бірі. Бүгінде бұл саланы жетілдірудің негізгі бағттары пысықталуда. Ары қарай тілшіміз тарқатсын.

Облысымыздың негізгі танымал туристік орындарына Баянауыл демалыс аймағы, тұзды көлдері, Шалдай қарағайлы орманы сондай ақ Ертіс өзенінің жағалауы іспеттес аймақтар жатады. Ақпараттар бойынша бүгінгі таңда демалыс аймақтарына келушілер саны 122 мыңнан астам адамды құрайды.

Облыс имиджі мен туристік брэндін ілгерілету мақсатында «Ertis Bayan» брэнд-бугі жасалды. Бұл шамамен 10 түрлі кәдесый өнімдері. Осымен қоса даму мақсатында түрлі эко қалалар мен ойын сауық орталықтарының салыну жұмыстары қолға алынды.

АСХАТ БЕЙСЕНОВ , ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕАУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.

. «Эко қала» - ның салынуы Ертіс өзенің сол жағында орналасқан. 2 га жер тургрант арқылы қаржылай қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта осы аймақты кеңейтіп, дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жай сөзбен айтқанда кішігірім демалыс үйшіктері, таза ауада демалатын орындар, түрлі сауықтыру алаңдары орналасқан қауіпсіз шомылу алаңы да бұл тізімге кіреді.

Келесі жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Баянауыл ауылында Визит-орталығын, Сабындыкөл көлінің жанында байқау алаңын салу бойынша жобаларды іске асыру және Сабындыкөл көлінің жағажайын абаттандыру жоспарланған.

ЕЛДОС БӨРИЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жалпы ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу жұмыстары, абаттандыру бойынша атқарылып келеді. Сондай ақ мелекет басшысының туризмді дамыту бойынша бігінгі таңда жобалар жасалынды. Ол аудандағы туризмді дамыту бағытындағы аула кіреберіс автожол бойына өлкетану мұражайымен қоса, визит орталығын салу жоспарланды. Бүгінгі таңда бюжеттік өтінім тапсырылған.

Айта кетсек, туристік ағым Жылдың соңына дейін 225 мыңнан астам адамды күтуді жоспарлап отыр.

Салтанат Бауыржанқызы