Қаламыздағы сауда үйлердің бірінде өрт шығып екі адам зардап шекті. Бұл төтеншеліктер ұйымдастырған оқу-жаттығу шарасының сценарийі. Толығырақ шараға қатысып келген тілшіміз жалғастырсын.

Қаламыздағы сауда үйлердің бірінде өрт орын алып, дабылқақаққыштар соғылды. Өрт сөндірушілер келіп сауда үйіндегі адамдарды құтқара бастады. Оқу-жаттығу акциясының сценарийі бойынша екі адам зардап шекті, оларды төтеншеліктер құтқарып, медициналық мамандарға тапсырды.

Төтеншеліктер бірнеше минут ішінде сауда үйіне кіріп, жалынның басқа бутиктерге тарап кетпеуі үшін бар үшін салды. Айта кетсек, сауда орындарындағы өрттің алдын алу мақсатында саудар үйлерінде, ойын-сауық орталықтарында, нарық дүкендерінде 22-28 шілде аралығында «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы өтіп жатыр.

ЕРКІН КАУКЕНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТЖ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Павлодар қаласындағы сауда орталықтарында өауіпсіз сауда шарасы өткізілуде. Шараның мақсаты қызметкерлер мен адамдарды алғашқы іс әрекеттерге үйрету.

Соңғы кезде сауда орындарында өрт жиілеп кетті. Алматыдағы базарлардың бірінің отқа оранғанын көрген боласыздар. Осындай жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында республикалық деңгейде профилактикалық акция қолға алынды. Сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен базарлардың иелері мен жалға алушыларымен өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын түсіндірумен кездесулер ұйымдастырылды. Ұсыныстары жазылған жадынамалар таратылды.

САМАЛ ҚАЛИҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Төтеншеліктердің ақпаратында, облыстың сауда үйлерінде өрттер жиі болып тұрмайды. Алайда шағын дүкендерде кездесетін екен. Оның себебі электр сымдарының тұйықталуымен байланысты.

Самал Қалиқызы