26 шілде сағат таңғы онда Баянауыл тау шатқалдарында үш демалушы адасып кеткен. Олардың қатарында екі ересек пен бір бала бар. Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының төрт құтқарушысы таудан туристерді алып шықты.

МЕЙРАМБЕК ҚАЙЫРЖАН, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Хабар түскен соң, құтқарушылар бірден адасып кеткен адамдарды іздеуге кірісті. Туристер 11.35-те демалыс орнынан 7 шақырым жерден табылып, демалыс орнына жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады»