Павлодар қаласында ойынқұмар лудомандарды емдеу қалай жүргізіледі? Жалпы осындай диагнозбен кімге, қайда жүгінуге болады? Келесі сюжетке зер салайық.

Соңғы кезде лудомания термині жиі айтылатын болды. Қазақшалап айтқанда ойынқұмарлық диагнозы, негізі лудомания деп аталады. Бұл адам өмірінде негативті тұрғыдан басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық тұрғыдан және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы. Павлодар қаласындағы республикалық ғылыми практикалық психикалық денсаулық орталығында нашақор, ішімдік және ойынға құмарлығы бар адамдар емделеді.

ГҮЛНҰР АТАМБАЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Бұл науқастар бізге келген кезде барлығына бірдей тәртіп. Оларға үш кезеңді программа ұсынылады. Бірінші дәрі-дәрмек қалыпқа келтіріледі. Келесі кезең психотерапия кезеңі. Үшінші кезеңі әлеуметтік көмек көрсету.

Лудомания басқа құмарлықтар сияқты ұзақ емделуді, оңалтуды қажет етеді. Лудомандарды емдеуге көбінесе ата аналары, достары, туған туыстары әкелетін көрінеді.

ГҮЛНҰР АТАМБАЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

Ойынға құмарлық лудомания бұл біз медициналық тілмен алғандадиагнозы бар, шифры бар. Емдеу тәуелділікті емдеу сияқты жүргізіледі. Бұл ауру екенін біріншіден біз жеткізу керекпіз. Ол кісілерге ауру сатысынан өткеннен кейін реабилитацияны жалғастыруға болады.

Жалпы Павлодар қаласындағы республикалық ғылыми практикалық психикалық денсаулық орталығы 180 орынға шақталған. Бір жылдың ішінде мынла 14 лудоман емделіп шыққан. Мамандардың сөзінше рецидивпен қайта келетіндер бар екен.

Самал Қалиқызы