Май ауданы Ақжар ауылында жаңа медициналық пункт салынып жатыр. Нысан құрылысы қалай жүруде? Тұрғындар қашаннан бастап өз ауылдарында дәрігер көмегін ала алады? Тілшіміз біліп қайтты.

Шалғай аудандар мен ауыл тұрғындарының сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтылуы – өзекті мәселе. Осы орайда, Май ауданы Ақжар ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында медициналық пункт бой көтеруде. Бұл мақсатта бюджеттен 138 миллион теңге бөлінген, қаржыға медициналық құралдармен жабдықтарған кабинеттер салынады.

ШЕРИЗАТ САМАРОВА, МАЙ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Екі медбике болса, 1 санитарка бар. Бір жұмада екі рет келіп, дәрігер адамдарды қарап тұрады. Сосын Ақжар ауылында 553 адам тұрады. Қазіргі уақытта амбулаторлық қызмет көрсетіледі. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіледі. Ал қажет болған жағдайда, біздің орталық ауруханаға пациенттерді әкеледі

Денсаулық сақтау нысанының құрылысымен астаналық мердігер компания айналысуда. Қазірде ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары толығымен аяқталып, бояу жұмыстары қалды.

ЖАНСЕРІК САДЫҚОВ, УЧАСКЕ БАСШЫСЫ

 «Бағасы жағынан да, сапасы жағынан да таңдап, дұрыс, қолайлы материалдар проектіде көрсетілген материалды алып жатырмыз. Мүмкін болса, Павлодарда жоқ болса, Алматыдан не Астанадан алдырып, керек құрылыс материалдарын пайдаланып жатырмыз. Екі-үш адам электрика жұмыстарын, екі-үш адам ішкі әрлеу жұмыстарына, сыртқы фасадта да екі-үш адам деген секілді – солай санағанда жалпы 7-8 адам

Жалпы құрылыс 24 тамыз аяқталады деп жоспарланып отыр. Жаңа нысан пайдалануға берілген соң, ақжарлықтар тұрғын үйде орналасқан шағын медициналық пунктте емес, кең әрі жарық ғимаратта дәрігерлер көмегіне жүгіне алады.

Жұлдыз Қабылденова