Ресейдің Алтай республикасында қазақ тілі бойынша жалғыз білім беретін аудан Қос-ағаш болып табылады. Сол себепті тілін жоғалтпаған ұлт білімдерін де төл тілдерінде ала алады. Аталмыш аудандағы ағайынның тіл мәселесі қалай шешілуде? Тілшіміз айтсын.

Ресей жерінде жалғыз Қос-ағаш ауданында ғана қазақ тілі пәні балаларға оқытылады. Тіпті, оқулықтарын да жергілікті ұстаздары жазған. Бұл үрдіс Шүй қазақтарында жылдар бойы жалғасып келе жатыр.

НАЗИРАШ ҚАЗАҚЕНОВА, МҰҒАЛІМ

Қош-Ағаш ауданында 12 мектеп бар. Сонын 8 інде Қазақ тілі мен әдебиет пәні пән ретінде оқытылады. –2021 жылы біз қазақ тілі мұғалімдерімен...1 ден 4 сыныпқа дейін.

Қосағаш, яғни Шүй қазақтарының мақалдап, мәтелдеп сөйлейтін өзіндік стилі бар. Оған себеп мектеп бағдарламасындағы қазақ тілінің болуы. Аудан орталығының өзінде 2 білім ошағы жұмыс істеп тұр. 1500-ға жуық оқушы үш тілді қатар еркін үйрене алады.

Тіл және әдебиет пәндері бойынша білікті 22 маман жұмыс істейді. Земфира Солтанова осы елдімекенге көршілес Монғолия және Қазақ елінде жоғары білім алып, өз туған ауылына қайта оралып ұстаздық қызметін жалғастыруда.

ЗЕМФИРА СОЛТАНОВА, МҰҒАЛІМ

11 сынып бітіргеннен кейін бірден мұғалім боламын деген бір ой туды. Содан кейін жаңағы сабақты тауысқан жерім көршілес мемлекетте Баян-Өлгей 4 жыл оқып сабақ жоғары білімді содан алдым

Айта кетейік, Зияткерлер түрлі республикалық сайыстарға жиі қатысады. Тіпті, жыл сайын халықаралық Айқанат олимпиядасында да Қос-ағаш оқушыларын табуға болады.

Байтұрсын Жұмабай