Май ауданы, Қаратерек ауылында мәдениет үйі жаңартылып жатыр. Құрылыс жұмыстарының біразы аяқталып қалған. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылдарға жаңа серпін әкелді. Халық игілігіне қажетті нысандар бой көтеріп, жөндеуден өтуде. Май ауданы, Қаратерек ауылында мәдениет үйін жаңарту жұмыстары ақпан айында басталған. Құрылыс мемлекет қаржысы аясында жүзеге асып жатыр. Нысан толық жаңартылған. Ғимараттың қасбеті мен шатыры күрделі жөнделді. Іші толық әрленген. Жаңа электр сымдары мен жылыту жүйесі жүргізілді. Мұндағы қызметкерлер мердігер жұмысына дән риза.

ШАРУАН ЖАНЫСОВА, МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ӘДІСКЕРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Бүгінгі мезгілде ол кісілер кательныйдың тоғын тартып жатыр. Былайша ұсақ жұмыстар ғанақалды. Мердігерлер өте ұқыпты, жауапты жұмыс істеді. Ризамыз. Былай айтқанда, біздің айтуымызша істеді. Біздің қалауымызбен, қалай ыңғайлы солай істеп берді

Айта кетейік, мәдениет орталығы 90 жылдары бой көтерген. 700 ден аса тұрғыны бар ауылдың халқы бос уақытында мында келіп үйірмелерге қатысады.

Қазіргі таңда жаңа мәдениет үйіне жас мамандар қажет. Сонымен бірге ауыл тұрғындары мұнда рухани, мәдени кештердің куәсі болмақ.

Қымбат Садық